Қазақтан үшін Бүкіләлемдік сауда ұйымына Ресеймен бірге немесе одан кейін мүшелікке өту тиімді - Назарбаев



Мемлекет басшысының пікірінше, "Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына 2006-жылы немесе тіпті одан да ерте мүшелікке өте алады. Алайда, еліміздің негізгі стратегиялық әріптесі -Ресейден кейін мүшелікке өту тиімдірек". Көршілес елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтпей тұрып қатарға қосылудың кері әсеріне мысал ретінде президент Қырғызстанды атады.
Дегенмен, Елбасы Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту - еліміз үшін айрықша қажетті әрі таяу уақытқа межеленген мақсат екенін тағы бір атай отырып, бұл мақсатты шешу барысында елімізді өндірістендіруді күшейту, "шикізатқа тәуелділіктен бас тартып, басқаша экономика құру" қажет екенін ескертті.
Президенттің пікірінше, республиканың ішкі рыногының аясы Қазақстанның шикізаттан басқа экономикасының әлеуеті мен 7-9 процент деңгейінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге тарлық етеді. "Сол себепті Қазақстаннан тысқары рыноктар іздеу қажет. Көптеген қиындықтарға қарамастан, Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуге ұмтылуымыздың басты себебі осыда",- деді ол.
Отандық өндіріс саласының басты проблемасы - тауарлардың бәсекелестік қабілетінің төмендігі екенін Н.Назарбаев тағы бір атап өтті. "Жалпы Қазақстан көлемінде Алматы ISO сапа стандарты бойынша ең жоғары процентті иемденетініне қарамастан, бұл - тауардың бәсекелестік қабілеті үшін қажетті деңгейдің жүзден бір бөлігін ғана құрайды",- деді ол. "Ауылшаруашылығы саласындағы өңдеу өндірістерін дамыту - ауқымды жұмыстардың бірі",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті