Caravan.kz медиа порталы орыс басылымдарына көз жүгіртіп, орыс БАҚ-тың Қазақстан жайлы не жазып жатқанына шолу жасап көрді.
«Қазақтар Ресеймен тығыз қарым-қатынаста болғаннан кейін 30 жылдардағы ашаршылықты мойындамай отыр» - америкалық тарихшы
Фото - Infourok.ru
Колледж-парктегі Мэриленд университетінің тарихшысы Сара Кэмерон 1932-1933 жылдары Қазақстанда болған ашаршылықты еске алды деп жазады Контракты.ua.
Кэмерон биыл Қазақстандағы ашаршылыққа 85 жыл екенін атап өтті. Украинадағы ашаршылық Қазақстанда болған ашаршылықтың қасында түк емес екенін айтты.
Тарихшының айтуы бойынша, қазақтар ұжымдастыру жоспарларын мәжбүрлі түрде жасады және олардың қашып кетпеуі үшін бүкіл шекаралар жабық болған. Адамгершіліксіздік режимнен 1,5 милллионнан астам қазақ опат болған. Тарихшының айтуы бойынша, Қазақстанның үштен бір бөлігі жойылған. КСРО кезінде ең көп өлгендер қазақтар болды. Қазақтар өз республикасында 1991 жылға дейін жойылып келді.
Қазақ елі мәйіттерді жинайтын, опасыздық жасағандарды жазалайтын орынға айналды дейді тарихшы.
Бір қызығы, 1980 жылдары Украинадағы ашаршылық конгрессмен зерттеу тақырыбына айналды. 2015 жылы Вашингтонда жаппай аштық құрбандарына арналған мемориал пайда болды. Бірақ, Сара Кэмеронның айтуынша, қазақтардың трагедиясы әлі күнге дейін тыс қалып отыр. Өйткені қазақтар Ресей елімен тығыз қарым-қатынаста олар сондықтан да бұл ашаршылық жайында айтпай отыр деп сөзін аяқтады тарихшы.
Қазақстанның мәдени күндері Новосибирскте өтеді
8 қараша мен 8 желтоқсан күндері аралығында Ресейдің Новосибирск қаласында Қазақстанның мәдени күндері өтеді.
Бұл туралы “Новосибирский Краеведчевский” порталы жазады.
Фестиваль «ОТАН» қазақ мәдени орталығы мен Новосибирск қаласы әкімінің қолдауымен Новосибирсктың 125 жылдығына орай өтеді.
Фестиваль «Тарихы мен тағдыры бір екі ағайынды» - деген атаумен өтеді.
Фестиваль кезінде Ахан Сатаеватың «Анаға апарар жол» фильмі мен Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі көрсетілетін болады.
Қазақстан америкалық зымыранды ұшыратын болды
Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш министрі Бейбіт Атамқұлов SpaceX компаниясының "Falcon 9" зымыран-тасығышымен екі спутник ұшыратынын растады.
Бұл туралы РБК басылымы жазады.
Falcon 9 тасығыш-зымыраны Калифорния штатындағы Ванденбург әскери базасынан ұшырылды.
- Бұл - нарық. Арзан, өзімізге лайықты зымыран іздедік. Кейін "Falcon 9" зымыраны, SpaceX компаниясын таңдадық. Алдын ала дайындығы, сақтандыруы бар, 1 миллион 300 мың - 1 миллион 400 мың долларға түсті. Бұл өте арзан баға деуге болады. Себебі, бірден екі жер серігін ұшырамыз. Бір зымыранмен бір жер серігін ұшыру 10-30 миллион долларға дейін қымбаттап кетуі мүмкін. Ал біз спутникті басқа елдердің жер серіктерімен бірге ұшырайын деп отырмыз, - дейді министр Атамқұлов.