Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Нұрсұлтан журналист Нұрбек Әмишаға Instagram желісінде тікелей эфирде сұхбат берді.
Студентің айтуы бойынша, қонақ үйлер қоныстанудың бір күндік бағасын 500 долларға көтеріп жіберген. Басында 300 доллар болған, қазір 500 долларға көтеріліп кетіпті. Бір адамда жалдамалы 5 пәтер бар. Пәтерінде бір күн қону үшін 500 доллар төлеу керек. Таксимен Польшаға жету үшін адам басына 100 доллар алады. Қазір одан да қымбаттаған шығар, деді Нұрсұлтан.
Шекарада жағдай өте қиын, жуырда топырлаған адамдар бір-бірін итеріп, 7 жасар баланы таптап өлтіріп қойыпты. Сол үшін қазір шекараға бара жатқан адамдарды әскерилер тоқтатып, кері қайтара бастаған көрінеді.
«Біз өзімізбен бірге украин азаматшасын ертіп жүрміз. Оны өзім алып кеттім. Өйткені бомбадан паналайтын жерде не су жоқ, не тамақ жоқ, ол өзі жалғыз 19-20 жасар студент. Мен оның әкесін танимын. Әкесімен сөйлестім. Қасымда болатынын айттым. Польша жақта шекараның шыға берісінде Верховина деген ауыл бар. Оны ауылына жеткізіп өзіміз ары кетеміз. Әкесіне аман-есен ауылына жеткізіп салуға уәде бердім. Ол жерде оның туысқаны бар екен. Қыздың әкесі әскери адам, қазір соғыста жүр» - деді Нұрсұлтан.
«Соғыс басталғанын басында түсінбей жүресің, өлі адамдарды көргеннен кейін бір-ақ түсіне бастайсың. Менің ойыма бірінші келгені – көшеге шығып, адамдарға пайдамды тигізу болды. Еркек болған соң әйел, мұқтаж адамдарға көмектесу керек болды. Өздері жағдай жасамағаннан кейін не қыласың? Көмектескенше көмектесеміз, ары қарай өздері әрекет етіп, жағдай жасау керек. Әскерлері бар ғой. Дүкенге барып су, матрас алып келдік» - деп өз ісін баяндады берді.
Айтуынша, консулдың жұмыстарын көбінесе Макка Каражанова деген қазақ әйелі өз қолына алған екен. Қазақтарды жинау, ұйымдастыру жұмыстарын өзі атқарды. Қанша жылдан бері ол қазақ азаматтарына көмектеседі. Бірақ ол үшін оған ешкім ақша төлемейді екен. Біздің қазақтар көбі оны білмейді, ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде рейхстагқа ту тіккен қазақтың, Харьковты құтқарған қазақ дивиясының мәселесін көтерген, Мәскеуде архивты іздеген осы кісі.
«Қазақстан көрші тұрған алып елдермен достық қарым-қатынас орнатты. Осы соғыстан кейін бұл алып достарға сенбеу керек, қазақтарға дайын болу керек деген сабақ алдым» - деді Нұрсұлтан.