Қазақтар панкратионнан әлем чемпионы болды

Бұл туралы Фейсбукте «ALASH PRIDE» клубы хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

ММА, панкратион және грэпплинг бойынша әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін күміс және қола жүлдегері Дәурен Ермеков 84 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ол ақтық сында ресейлік қарсыласын аяқпен теуіп, нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды.

Нұрбек Қабдрахманов 66 келі салмақ дәрежесінде төрт қарсыласынан да басым түсті.


Олардан бөлек, Гамлет Асанов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.