"Қазақтар қайтіп күн көреді?": Роза Бағланованың коммунистерге тайсалмай жетізген жан айқайы (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жезтаңдай әнші өз сөздерін Арал тұрғындарына араша түсуден бастаған. 

"Мен соғыста болдым. Бірақ Аралдағы жағдайды бір сөзбен айтқанда, тоқтату мүмкін емес. Соғысты тоқтатуға болады, атом бомбасын тоқтатуға болады, ұшақты тоқтатуға болады. Бірақ мұны тоқтату мүмкін емес. Біз мына жақта айтып жатырмыз,бірақ ана жақта табиғат өз дегенін істеп жатыр. Бұл біздің  "ұлы ғалымдар" жасаған нәрсе. Олар құрсақтағы тұтас бір ұлтты жойып жатыр. Мұндай ғалымдар туралы қалай айтуға болады? Басқа уақытта біз оларды зиянкестік деп айтар едік. Егер олар КСРО академигі болса, Социалистік Еңбек Ері немесе екі, үш дүркін лауреаты болса біз не айтамыз? Қазақ жерінде: Семейде полигон, Байқоңырда космодром, Аралда у. Сонда қазақтар қалай өмір сүреді? Егер бұл жағдай шетелде, Америкада орын алса  біз бұл бүкіл халықты өлтіріп жатыр деп жар салар едік. Қазақстанды ғана еме, мен көп жерлерде болдым.  Өте ауыр тиді. Көзі жоқ, таңдайы жоқ, басында шашы жоқ, қол-аяғы жоқ боп туған балалар. Бұл нені білдіреді? Кімнен сұрау керек? Кімге айту керек? Тұтас ұлттың қайғы-қасіреті жеткізу үшін тағы қандай жерлерге бару керек"- деді Роза Бағланова.