Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов аталмыш жекпе жекте нокдаун алып, кездесу уақытынан бұрын аяқталған болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Халықаралық бокс федерациясның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видео астындағы жазбада "Ұлы бокс бар әсемдігін паш етті. 71 кг - Хоссе Мигель Боррего", - делінген.
Бұл жеңіліске өзбек жанкүйерлері мәре-сәре болуда.
"Қазақ ұтты, судья кінәлі", "Ұйықтап қалды ғой", "Судьяны сатып алғандар", "Тамаша", - деп жазды олар.
Видеоға пікір жазғандар арасында бокстан Өзбекстан құрамасының тренері Фаррух Киличев те бар. Ол пікірге бетін бір қолымен жауып тұрған эмодзи (фейспалм) қалдырған.
Loading...