"Қазақтарды кіргізбейміз" деген түркістандық өзбек кешірім сұрады (ВИДЕО)

Видеода өзбек тілді жігіттің ұлтқа қатысты ауыр сөздер айтқаны байқалған.Сол сөзі үшін ол барлық қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Әлеуметтік желіде менің сөздерім тарап кетті. Басымды иіп тұрып Қазақ елінен, түркістандықтардан кешірім сұраймын. Бәріңіз кешіріңіздер мені. Осылай қате жолға шығып қалдым. Жерлестер, ауылдастар, жастар, үлкен кісілер бәріңізден басымды иіп кешірім сұраймын!", - деп кешірім сұрады азамат.