Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап tobolinfo.kz порталы хабарлайды, деп жазы azattyq-ruhy.kz
Қыркүйек айының соңында 46 жастағы Рудный қаласының тұрғыны Кирилл Божко украиндық блогермен болған әңгіме барысында Қазақстанның мемлекеттік тіліне, жеріне қатысты қорлайтын, қазақ халқының ар-намысына тиетін сөздер айтқан.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған видеоны анықтап, тексеру жүргізді.
5 қазан күні Рудный қалалық сотының үкімімен Рудный қаласының тұрғыны Б. ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша сотталды.
«Сотталушының кінәсі бейнежазба және арнайы сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сот іс бойынша барлық мән-жайды ескере отырып, Божконы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Видео тарағаннан кейін Кирилл Божко Қазақстан халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады