"Қазақтарды ұлтшыл деп айта бермеңдер, әйтпесе...": Алмат Сақатов орыстарға видео үндеу жолдады

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актер бұл жолы тұспалдап өзге ұлт өкілдеріне орысша үндеу жасады. 

"Ертеде бір ерлі-зайыпты өмір сүрген. Күйеуі әйелін өте қатты жақсы көрген. Бірақ, әйелі үнемі "менің көзіме шөп салып жүрсің, Ларисаға барасың деп, айта береді екен. Бірде күйеуі ойланып, расымен бару керек екен, деп Ларисамен әмпей-жәмпей болады. Кеш бата үйіне келеді. Әйелі оған қайдан келді десе, Ларисаға бардым" дейді. "Ой, қойш. Саған Лариса қайдан қарасын, араларың жер мен көктей" деген екен әйелі. 

Қымбатты достар, көршілер, Ресейден көшіп келуші орыстар, осында тұрып жатқан орыстар!
Бізді, қазақтарды ұлтшыл, бізді бөліп-жарады, кемсітіп жатыр, күн көрсетпей жатыр деп айта бермеңдер. Түсінесіздер ме, әлгі мысалдағыдай  қайта-қайта айта берсеңдер  біз шынымен  сеніп қаламыз ғой. Сосын "Ларисаны" іздеп кетіп жүрмейік, ол сендерге керек пе? Байқаңдар!  делінген видеода. 

Оқырмандар "Ой, ағасы күшті жеткіздіңіз", Астарлап зор айттыңыз", "Осы сізге ризамын", "Иә, ұлтшыл, орыстарға күн көрсетпейді деп айта берсе, бір күні шынында да солай боп кетіп жүрмесін",-деп жазды.