Аталған видеоны Facebook қолданушысы Самат Нұртаза жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Өлі азиат және тұтқынға алынған азиат" - деп жазды Самат Нұртаза.
Қайтыс болған азиаттық адамның жерде жатқанын көруге болады. Ал екіншісі тұтқынға алынғанын жақындарына телефон арқылы хабарлайды.
Тұтқынға алынған азамат "Бізді алдып соқты. Еш жерге хабарласпай, менің денемді қалай алып кетуге болатынын анықтарсың. Мен сендерді жақсы көремін", - дейді видеода.
Бұларды оқырмандардың бірі қазақтар десе, енді бірі бурят, чукча, саха халықтары деген болжам айтты.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Украинада ресейліктер жағында соғысқан 22 жасар қазақ жігітінің ұсталғаны туралы хабарлағанбыз. Ол командирінің кавказдық екенін айтқан болатын.
Көпшілік Ресейдегі саны аз ұлттардың алдыңғы шепке жіберіліп, қырылып жатқанына наразы болған еді.