"Қазақтелеком" 638 млн теңгенің берешегіне байланысты "Арна" акционерлік қоғамына қызмет көрсетуді уақытша тоқтатты

"Бұл берешек 2003 жылдан бері қалыптасқан. Сондай-ақ, тағы бір атап өтерлігі, "Қазақтелеком" АҚ 2005 жылдан бері "Арна" АҚ өтінішінің негізінде берешекті кезең-кезеңмен өтеу туралы келісімге екі мәрте қол қойған. Шарт талаптарын "Арна" АҚ орындаған жоқ. Алайда, осындай келісімге қарамастан, берешек көлемі тек ұлғая түсті", - деп хабарлайды "Қазақтелеком".

Сонымен бірге, "Қазақтелеком" АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, "Арна" АҚ Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзып отыр және кейінгі үш жыл бойы үкіметтің 2005 жылдың 27 қазанындағы №1080 қаулысымен бекітілген "Қосылу туралы типтік келісім-шартына" негізсіз әрі айқын емес себеппен қол қоюыдан жалтаруда. "Қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес, байланыс операторлары абоненттерге желі ресурстарын ұсынған және траффикті өткізген кезде өзара осындай келісім-шартына қол қоюға міндетті", -деп түсіндіреді компаниядағылар.

"Сонымен бірге, "Арна" АҚ уәкілетті мемлекеттік органдар мен БАҚ-тарды "Қазақтелеком" АҚ-ның Қазақстандағы Интернет-қызметі нарығындағы ахуалы жайлы жалған айтып адастырып отыр. Осы орайда "Арна" АҚ-ның өзі еліміздегі ең ірі 10 Интернет-провайдерлердің қатарына енеді, өзіне жеке тиесілі сыртқы тәуелсіз Интернет-каналдары бар. Қазір Интернет-қызметін көрсету Қазақстандағы телекоммуникациялар нарығының жоғары бәсекелестік жағдайындағы сегменті болып саналады", -деп мәлімдейді "Қазақтелеком" .

Қазіргі жағдаймен Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органы Интернет желісіне шығу және мәлімететр жалғастыру қызметін көрсету бойынша кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысуға 400-ден астам лицензия берген. "Арна" АҚ-ына сыртқы Интернет-каналдарға тиімдірек бағаға қосылу үшін басқа Интернет-провайдерлермен байланыс орнатуға ешқандай кедергі келтіріліп отырған жоқ", - делінген хабарламада.

""Арна" АҚ-ның "Қазақтелеком" АҚ іс-әрекеттерінің заңсыздығы туралы мәлімдемесі ешбір негізі жоқ, деректерді қасақана бұрмалаған, "Қазақтелеком" АҚ-ның имиджі мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәлімдеме болып табылады. Бұның бәрі осындай шабуылдар қордаланып қалған берешекті қайтармаудың сылтауы деп бағамдауға негіз болуда", -делінген компанияның хабарламасында.