Оның айтуынша, аталмыш жоба аясында сатып алынған құрал-жабдықтар Ақтөбеде орнатылады. Ә.Бектасов келісім-шартының құнын атаудан бас тартты. Оның айтуынша, "бұл құпия ақпарат болмақ". Сондай-ақ, компания президенті аталмыш жобаны қаржыландыруға арналған қаржыны "Қазақтелеком" "отандық банктердің бірінде ашылған несиелік желі арқылы бағыттамақ ниетте",- деп атап көрсетті.