"Қазақтелеком" ААҚ Құмкөл мұнайгаз кенішінде 80 номерлі сандық телефон станциясын пайдалануға берді

Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақтелеком" ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұған дейін Құмкөл кенішінде телекоммуникациялық қызметтерді Канаданың "ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз" компаниясының салалық бөлімшесі көрсетіп келген көрінеді. Алайда биылғы жылдың сәуір айынан бастап бұл бөлімше кеніште жұмыс істейтін заңды тұлғаларға телекоммуникациялық қызмет көрсетуден бас тартып, абеоненттерді телекоммуникациялық желіден үзіп тастаған. Оған себеп, "ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз" компаниясы мұнай бизнесі саласындағы негізгі қызметімен толыққанды айналысуға шешім қабылдаған көрінеді.
Жаңа станцияны құрастыру және оны сынақтан өткізу процесстері қысқа мерзімде аяқталып, қазіргі жағдаймен станцияға 45 тұтынушы қосылды. Олардың 34-і "ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз" компаниясының мекемелік АТС-нан ажыратылды.
Сонымен бірге, "Қазақтелеком" қосымша 11 заңды тұлғаны станцияға қосты.