"Қазақтелеком" халықаралық телефон байланысының бағасын 10 секундпен есептеуге көшті

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, бұған дейін халықаралық және аймақішілік телефон байланысының бағасын есептеуде уақыт толық бір минутқа дейін дөңгелектеліп келсе, ендігі жерде телефонмен хабарласуға кеткен уақыт 10 секундқа дейін есепке алынады.

"Қазақтелеком" мамандарының бағалауынша, телефон байланысының бағасын 10 секундпен есептеу жүйесіне көшу нәтижесінде тұтынушылар қалааралық байланыс бағасынан айына орта есеппен 15 процент ақша үнемдейді. Жалпы алғанда бір жылда "Қазақтелеком" абоненттері ел ішіндегі телефон байланысынан шамамен 2 млрд. теңге үнемдейді деп күтілуде.
Алдағы уақытта үкімет бағдарламасын жүзеге асыру шараларының аясында АҚ халықаралық телефон байланысының бағасын 20 процентке арзандатуды көздеп отыр.