Қазақтелеком Орталық-азиялық телекоммуникациялық хаб ретінде қалыптасты

Байланыстың қазақстандық операторы "Қазақтелеком" шекаралас елдердің жетекші операторларымен жапсарласуын аяқтады, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының баспасөз қызметінен.


           "Транзиттік әлуетті жүзеге асыру мақсатында "Қазақтелеком" АҚ бүкіл шекаралас елдердің жетекші операторларымен тікелей түйісуді ұйымдастырған болатын, Түркменстан ғана қалған еді, енді "Түркментелекоммен" де желілерді түйістіру жұмыстары аяқталды", сонымен Қазақтелеком Орталық-азиялық телекоммуникациялық хаб ретінде қалыптасты", делінген сәрсенбіде таралған хабарламада.
           "Тұтас алғанда қазіргі таңда бес елдің 13 операторымен коммерциялық пайдалануда 16 торап бар", делінген онда.