Қазақтеңізкөлікфлоты үш бірдей алаң-баржа салу туралы Ресей зауытымен келісім-шартына қол қойды

Жүк көтерімділігі 3600 тонна, суығыстырғыштық қабілеті 4245 тоннаны құрайтын баржалар түрлі мақсаттағы құрғақ және сусымалы өнімдерді саяз зонада тасымалдай алады. Жүк толық тиелген жағдайда баржалар 3,5 метрге шөгеді. Бұл - баржаларды Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігіндегі мұнай-газды блоктарды игеру үшін жүк тасымалында пайдалануға мүмкіндік береді.

Алаң-баржаларды салу теңіздегі операцияларды қолдау үшін флот құру жобасының аясында 2005-жылы жүзеге асыруға межеленген. Сонымен бірге үш магистралдық буксир, екі танкер-бункер, екі трюмды баржа және рейдтік катер сатып алу көзделіп отыр.
Ал 2003-2004-жылдары аталмыш мақсатта "КМТФ-1" теңіз буксирі сатып алынып, "КМГ-101" және "КМГ-102" баржа-алаңдары салынды. Олар Каспий қайраңында мұнайгаз кеніштерін игеру операцияларын жүзеге аыру үшін жасанды аралдар тұрғызуға арналған жүктерді тасу ісінде қолданылуда.