"Өз басым Қазақстанға осымен екінші мәрте келіп отырмын, осы елде жүзеге асыруға жоспарлаған бірнеше жобамыз бар. Бірақ президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде біз негізінен Қазақстан туралы әңгіме қозғадық",- деді кәсіпкер Елбасымен кездесуден кейін. Р.Лаудердің айтуынша, Қазақстан - дәстүрге бай ел. Алайда дүниежүзінде Қазақстанды көбінесе мұнай және газға байланысты ғана жақсы біледі. Дейтұрғанмен, таңғажайып мәдениеті бар Қазақстанда жақсы бизнес те жасауға болады",-деді қонақ. Осы орайда "Қазақстандық әйелдердің мақтауын жеткізіп, сұлулығына тамсанған" американдық бизнесмен оларға өздері өндіретін әсемдік-әрлік бұйымдардың қажеттігі туралы сауал тастады.
Бүгінде "Эсте Лаудер" концерні әлемдік косметика рыногінің 46 процентін иемденеді. Батыстық беделді басылымдардың бағалауынша, Р.Лаудердің билігіндегі жалпы капитал көлемі бүгінде 7 млрд-тан астам долларды құрайды екен.
Сондай-ақ, Р.Лаудер коммуникациялық RSL компаниясымен бірге дүниежүзіндегі ірі еврейлер қорын басқарады.