Қазақтың Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жаңа қойылымның тұсаукесері өтеді

Қойылымның қоюшы-режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Балтабай Сейітмамытұлы, қоюшы-суретшісі - Серікқан Омаров. Ондағы кейіпкерлерді - Қадырғазы Қуандықов, Сүндет Бектауов, Әсет Иманғалиев, Ербол Садырбаев, Сәния Ерзатқызы, Әлия Әбсаттарова, Лиза Серікова, Раушан Байзақова, Есжан Хамидуллин, Самат Абдиллаев, Жарқын Барақбаев сияқты театр әртістері сомдайды.

Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз» драмасы өнер мен өмірдің ащы шындығын паш етеді.