«Қазақтың Ломанченкосы» Махмұт Сабырхан финалдық жолдаманы өзбек қарсыласынан жұлып әкетті

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Үш раундық кездесу Махмұт Сабырханның айқын басымдығымен өтті. Үш раунд бойы өзбек боксшысына мүмкіндік бермеді. Сондай-ақ 48 келі салмақтағы Санжар Тәшкенбай да үндістандық қарсыласынан басым түсіп, финалдық сайысқа жолдама алды.

Еске салсақ, Бүгін Иордания астанасы Амманда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы жартылай финалдық кездесулері өтуде. Бұл күні шаршы алаңға қазақстандық 12 боксшы шығады.