Заңгер Қазақстандағы гендерлік саясатты жоққа шығарды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
Айгүл Орынбек елімізде әйелдердің жұмыс жасауы, яғни, қызметте отыруы қоғамда кері пікір қалыптасқанын ашып айтты.
"Қазақстандағы гендерлік саясат деген - далбаса әңгіме!
Қазақтың қыздары көшеге шығып тәнін сатса - арсыз, тексіз, сүйекке түскен таңба дейміз! Ұлттың намысын төккен қарабет деп, оны қоғам болып талқылап-табалаймыз!
Ал, Қазақтың қаракөз қыздары өз білім-білігімен қызметке келіп, таза жүріп, Елге адал жұмыс істесе - соңына негізсіз “майшаммен” түсіп, қысым жасап, ақыры заңсыз қызметтік және қылмыстық қудалаумен орнынан құртамыз!
Енді осыдан кейін, ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРАКӨЗ ҚЫЗДАРЫ не істесін?
Қызметте отыру үшін бастығының жемқор “әмияны” немесе “төсектес” болуға міндеттелгені - қоғамның ащы болса да жарасы! Шындығы!", деп жазды.