Қазақтың тазысын ресейліктер иемдене бастаған


Ал саятшыларымыздың ажырамас атрибутына айналып кеткен тазының тек үшеуі ғана қатысып отыр. Бір қызығы, ұлтымыздың мақтанышы саналатын құмайды халықаралық кинологиялық қауымдастық әлі мойындамапты. Оны ресми түрде тіркеу үшін мемлекетте тазының саны 1 мыңнан асуы керек. Ал Қазақстанда олардың саны бар болғаны 300-ақ  екен. Сондықтан отандық итбегілер саятшының серігі саналатын тазының санын өсірмек ниетте. Себебі, көрші Ресейде осы тұқымдас иттерді өсіру қызу қолға алынған. Олар болашақта қазақтың тазысын халықаралық кинологиялық қауымдастыққа өз итіміз деп өткізіп жіберуі мүмкін.