"Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы”: Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады


Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын!", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.