Қазақтың үш биінің ескерткішіне шығып алып суретке түскен қытай жігіті кешірім сұрады

Ал әлеуметттік желі қолданушылары бұл Қытай азаматы болуы мүмкін деп болжады, деп хабарлайды Caravan.kz. Шынымен де солай боп шығып отыр. Фейсбуктің Беделбек Сайланбек есімді қолданушысы оның әлгі ерсі қылығы үшін кешірім сұрап тұрған видеосын жариялады. 

"Үш бидің төбесіне шыққан қытай қазақ халқынан кешірім сұрады. Маған келіп түскен ақпарат бойынша, бұл мүсін Қытайдың Гансу өлкесі Ақсай ауданында тұрғызылған екен" деп жазды Б.Сайланбек.