Қазақтың жаңа симфониялық музыкасы дүниеге келді


 «Донна Осень», «Нелюбимая», «Крестная мать» секілді бірнеше хит-әндердің авторы Шәкеев алғаш рет оркестрге арнап әуен жазып отыр. Альбомның ішіне барлығы 11 композиция енген. Музыканы скрипка «сиқыршысы» Марат Бисенғалиев пен Лондонның әйгілі симфониялық оркестрі бірлесіп ойнайды. Қазақтың Англияда дүниеге келген бірегей туындысы жақын күндері көбейтіліп, бүкіл әлемге таратылмақ.