Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
" Тіл, Рамиль Мухоряпов және Қылмыстық Кодекс
Алға даму, қоғамдық келісім тек қана Заң үстемдік құратын мемлекеттерде ғана іске асады. Сондықтан "Жаңа Қазақстанның" түпкілікті идеясы - заң аясындағы әділетті қоғам құру.
ChocoFamily басшысы Рамиль Мухоряповтың желіге тарап кеткен репликасы қоғамның ашуын туғызғаны рас. Бірақ ашу - ол эмоция. Эмоция заңмен реттелмейді.
Рамиль Мухоряпов заңды бұзды ма? Басты сұрақ осы. Оған тек қана құзырлы орган арнайы тексеруден кейін жауап бере алады. Бірақ ол үшін азаматтық қоғам құзырлы органға жүгінуі тиіс.
Осындай, тек заңдық, конституциялық принциппен Рамиль Мухоряповтың репликасын ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабы, 1 тармағы бойынша тексеруді сұрап, Алматы қаласының Прокуратурасына арыз жібердім. Арыз ЖТ-2022-02543155 нөмірімен ресми тіркелді. 11 қарашаға дейін Прокуратура ресми жауабын жібереді.
Осы 174 бап не дейді және оның жазасы қандай?
ҚР Қылмыстық Кодексіның 174 бабы әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру бойынша мәселелерді реттейді.
1-ші бабында "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолымен жасалса", – деп көрсетілген.
Ал жазасы - екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл не екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру.
Рамиль Мухоряпов қылмыс жасады ма?
Алдымен Прокуратура оның белгілерін анықтайды. Егер, ия, анықталса, материалдар жинап, сараптама жасап, сотқа жібереді. Сот тараптардың дәлелдерін тыңдап, шешім шығарады. Яғни, барлық іске нүктені Сот қояды. Егер прокуратура қылмыс белгілерін таппаса, ол нақты дәлелмен ресми жауап береді.
Егер Мухоряповтың қылмысы дәлелденіп, сот шешімі шықса, ол қандай жазаға тартылуы мүмкін?
Мұндағы ең минималды жаза - 2 мың айлық есептік көрсеткіш. Қазір бір АЕК - 3063 теңге. Демек, ChocoFamily басшысының ең аз жазасы - 6 126 000 теңге айыппұл болуы мүмкін. Бірақ тек мүмкін деп тұрмын. Себебі мәселені құзырлы органдар мен сот қана шешеді.",- деп жазба қалдырды.
Желі оқырмандары: "Чуть-чуть заң бұзған деп жүрмесін","Жаңа ғана әлеуметтік желілердегі парақшасын қарадым. Қазақ (орыс тілділігі басымырааақ) танымал адамдар көп тіркелген екен. Енді олар өздерінің позициясын жазылушылықтан шығып кетіп не басқадай білдірер ме екен?! Әлде, ...",
"Президентіміз қайтарған жауап, тілімізді қорғап қалмады", - деп пікір жазды.
Loading...