"Қазатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы 2006-жылдың аяғына дейін 166 млн. доллардың еврооблигацияларын шығаруды көздеп отыр

"Қазатомөнеркәсіптің" еурооблигация нарығындағы алғашқы қадамын сүйемелдеу - компаниямен көптен бері игі қарым-қатынас орнатқан біздің банк үшін үлкен мәртебе", - деді Citigroup-тің Қазақстандағы еншілес бөлімшесі болып табылатын "Ситибанк Қазақстан"-ның басқарма төрағасы Дэн Коннелли.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы 2006-жылдың аяғына дейін 166 млн. доллардың еврооблигацияларын шығаруды көздеп отыр. Құнды қағаздар 10 жылға шығарыладыдеп күтілуде. Сонымен бірге компания 5-20 жылға дейінгі ұзақ мерзімді облигацияларын Жапония нарығына шығару мүмкіндігін жоққа шығармайды.
"Қазатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы - уран және сол тектес материалдарды экспортқа шығарушы ұлттық оператор саналады. Компанияның 100 пайыздық акциясы түгелдей мемлекет меншігінде, дәлірек айтсақ, Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрлігінің еншісінде. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК геологиялық барлау, уран өндіру, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми негізде жарақтау және мамандар даярлау, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету сияқты алты бірдей негізгі бағыттағы жұмысқа басшылық жасайтын холдинг түрінде құрылған. 2005 жылдың басында компания құрамында еңбек ететіндер саны 19000-нан асып кетті. Тартылған қаржыны "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы табиғи уран концентраты (U3O8) өндірісі мен экспортын қаржыландыруға, сондай-ақ уран кеніштерін барлау мен игеруді қолдауға жұмсамақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті