«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бір топ менеджерінің қолына кісен салынды


Сондай-ақ олармен сыбайлас болған құрылыс фирмасы басшысы да қамауға алынған. «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» мектеп, балабақша, аурухана сияқты әлеуметтік нысандарды салумен, жөндеумен айналысатын «Қазатомөнеркәсіптің» еншілес серіктестігі. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, сондай келісім-шарттардың бірін жасау кезінде сыбайластар миллиард теңгеден астам қаржыны қалталарына басқан. Осы топтың басы-қасында болған Шевелев қазір қамауда отыр. Айта кетсек, бұл уран өндіруші алпауыт компаниядағы алғашқы жемқорлық дауы емес. Мұның алдында «Қазатомөнеркәсіп»-тің басшысы Мұхтар Жәкішев те ірі көлемде қаржы қымқырғаны үшін 14 жылға сотталған болатын.