"2008 жылы 9,4 мың тонна көлемінде уран өндіру жоспарланған, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен сәйкестендіргенде 42% артық ", - деді М. Жәкішев. Оның сөздеріне қарағанда 2007 жылы шығарылған уран көлемі 6,6 мың тоннаны құрады.
Оның ақпараты бойынша 2007 жылы компанияның топтасқан табысы 35 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. Биылғы жылы оның көлемі 62 млрд болады деп жоспарланған.
Биылғы жылы топтасып сатылған өнім деңгейі 176 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде. Ал бұл 2007 жылғы көрсеткіштерден 50% артық болады, деді М. Жәкішев.