«Қазавтожол» министр Божконың сөзін теріске шығарды

Ақпаннан бері күннің күрт жылынуы салдарынан Жаңақорған ауданында қатарынан екі мәрте тасқын жүрді. Сөйтіп, аудан орталығы мен Бірлік ауылын қосқанда 100-ге жуық үй су астында қалған-ды. Ресми болжамға сүйенсек, апат тау бөктеріндегі қардың еруі  кесірінен болған. Өңірге арнайы тексерумен келген Төтенше жағдайлар министрі де, тасқынның бір себебі ретінде «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» тасжолының дұрыс салынбауы себеп деген болатын. Яғни, автобанда су каналдарының құрылысын ескермеген. Бірақ бүгін министрдің сөзіне «ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы жоққа шығарды. Айтуларынша, автобан бойында бірнеше  су өткелін салыпты.


Ерік Сұлтанов, «Қазавтожол» ҰК басқарма төрағасы:

-Жаңа жолды салғанда 8 су өтетін құбыр салынған. Ескі жолмен салыстырсақ, мұның су өтуі 3 есеге көтерілді. Сонымен қатар біз 4 мал өтетін құбыр салдық. Сондықтан келген су осы жолдан өтуін құбырлар толық қамтамасыз етеді.