«Қазцинк - Торпедо» хоккей клубының бас бапкерлік қызметі бос тұр

«Хоккейдің кезекті кезеңі аяқталды. Енді, біз бас бапкерлікке сай келетін маманды іздеуге кірістік. Бұл - басты мәселе. Осы қызметтен үміткер барлық азаматтардың өтініштерін облыс әкімімен бірге талқылайтын боламыз», - деп атап көрсетті А.Лазарев. «Қазцинк - Торпедо» хоккей клубынан хабарлағандай, онымен бірге команданы қаржыландыру мәселесі де қаралатын болады. Бүгінде бірлескен қаржыландыру тетігі ұсынылып отыр. Оған сәйкес, Өскемен қаласының клубын «Қазцинк» компаниясымен бірге облыс әкімдігі қаржыландырады.

Айта кетейік, бүгінде «Қазцинк - Торпедо» командасы Ресейдің Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүр. Биыл ол жарты жолда сүрініп, ақтық сындарға өтпей қалды.