QAZCONTENT OPEN 2025 турнирінің қатысушылары белгілі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Турнирге әртүрлі медиасалаларда еңбек етіп жүрген журналистер мен танымал қазақстандық блогерлер қатысады.

Аталған шараны "Qazcontent" АҚ Қазақстан шахмат федерациясы және Білім беруді тұрақты дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

QAZCONTENT OPEN 2025 турнирі швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан тұратын блиц форматында өткізіледі. Жартылай финал - нокаут жүйесінде өтеді. Қатысуға теледидар, баспа, радио, интернет БАҚ қызметкерлері, сондай-ақ блогерлер мен инфлюенсерлер шақырылады.

Ал турнирдің толық шарттарымен мына сілтеме арқылы таныс болыңыздар.

Жеңімпаздарға дипломдар, бағалы сыйлықтар және жүлде қоры табысталады:

Барлық нәтиже халықаралық Chess-Results.com платформасында жарияланады.

Qazcontent Open турнирінің қатысушылар тізімі