"ҚазЭкоВатт" 2012 жылдың аяғына дейін Қазақстанның тұңғыш өндірістік күн электр станциясын қолданысқа енгізеді

"ҚазЭкоВатт" ЖШС биылғы жылдың соңына дейін Отар елді-мекенінде қуаты сағатына 1 МВт болатын күн электр станциясын іске қосады . Электр энергиясының кВт үшін 54 теңгеден астам болуы - әлемдік тәжірибе, Жамбыл облысында бұл кВт үшін 34 теңгедей болады. Бағаның арзандауы мемлекеттік бағдарламаның нәтижесінде қамтамасыз етілді: табысқа салынатын салыққа - 10 жыл, жер мен мүлікке - 5 жыл мораторий, несиелер бойынша проценттік мөлшерлемеге субсидия бөлу, коммуникациялар мен инфрақұрылымдар құрылысын тегін жүргізу белгіленді ", - деп түсіндірді ол бейсенбі күні Таразда өтіп жатқан TARAZ INVEST-2012 халықаралық инвестициялық форум барысында.

Оның пікірінше, Жамбыл облысына 2010-2011 жылдары жиынтықты қуаты 200 МВт болатын энергияның жаңартылмалы көздерінің құрылысы үшін 375 миллион долларға жуық қаржы жұмылдырылған. М.Қынатов сондай-ақ осы тақылеттес нысандар құрылысын жүргізу барысында қолданылатын кейбір құжаттарды қысқарту және жеңілдету қажеттігін ұсынды.
" Энергияның жаңартылмалы көздерінің құрылысын тиімді жүргізу үшін электр энергиясы құнына тұрақты баға белгілеу кезінде ТЭН -ді дайындау міндеттемесін алып тастауды ұсынамын,бұл өте көп уақыт алатын жұмыс.Мәселен,Қарақыстақ ГЭС-і - ТЭН бір жыл бойы дайындалды, оны жеті айда салып бітірді. Сонымен қатар қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағамдаудан бас тарту қажет, жаңартылмалы энергия көздері онсыз да экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталады емес пе.Бұл құжаттарды дайындау да көп уақыт алады,әрі оған инвесторлар көп қаржы жұмсайды.Сондай-ақ кәсіпорындардан энергияны сатып алудың контракт-үлгісін дайындау қажет", деді ол.