«Қазфосфат» ЖШС шахтасында жарылыс салдарынан екі жұмысшы қайтыс болды

Жамбыл облысының Қаратау қаласында "Қазфосфат" ЖШС шахтасында жарылыс болды.


           Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бүгінгі хабарламасына сәйкес, дүйсенбі күні сағат 22:20-да «Ақсай» шахтасында жарылыс болып 1974 және 1979 жылғы екі жұмысшы қайтыс болды.