Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев «Ғарышкер» фильмінің премьерасын көрді

Шараға Испания Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің шақыруымен Астанада аккредитациядан өткен дипломатиялық корпустың өкілдері, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі мен сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, бұқаралық ақпрарат құралдарының өкілдері, студенттер қатысты.

Тұсаукесердің басты қонағы Қазғарыштың басшысы Талғат Мұсабаев болды. Оның кәсіби пікірі фильм авторлары үшін ерекше маңызды. «Мен бірінші рет өз өмірімде «Ғарышкер» деген атпен түсірілген фильмді көргелі отырмын және бұл өте қызықты, себебі ғарыш - бұл ерекше, ұмытылмас әлем», - деді Талғат Мұсабаев фильм таныстырылымынң басында.

Фильм режиссері Николас Алькала өз сөзінде фильмнің кейіпкерлерінің түстеріне, ой-қиялына негізделіп түсірілгенін аттап өтті және оның пікірінше, киноны көрген әрбір адамның өзі қорытынды жасауына құқығы бар.


Бір жарым сағатқа созылған «Ғарышкер» фильмі шындығында ешкімді бей-жай қалдырмады.

Біздің агенттік тілшісіне фильм режиссері Николас Алькала «Ғарышкер» фильмінің Ресейде көрсетілгенін және алдағы екі апта көлемінде Қазақстанда көрсетілетінін айтты.