Жыл сайынғы халықаралық астронавтика академиясының форумы - Халықаралық астронавтикалық конгресі биыл Қытай астанасында 22-27 қыркүйек аралығында өтеді.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, 34-ші халықаралық астронавтикалық конгреске қатысуға Қытай, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Украина, Германия, Франция, Жапония, Ұлыбритания, Италия және өзге де елдерден 1500-ден астам өкіл ниет білдірген. Сонымен бірге, әлем елдерінен 60 ғарыштық кәсіпорын мен 24 агенттік қатысады деп жоспарланған.
Қазақстан атынан бұл форумға Қазғарыш басшысы, халықаралық астронавтика академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Талғат Мұсабаев, Қазғарыш төрағасының орынбасары, халықаралық астронавтика академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Мейірбек Молдабеков, «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығы» АҚ президенті, ХАА мүше корреспонденті, техника ғылымдарының докторы Жұмабек Жантаев, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш техникасының мамандандырылған конструкторлық бюросы директорының орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты Владимир Тен қатысады.
Ертең, конгерсс жұмысының бірінші күнінде Қазғарыш делегациясы акадамиялық күн шарасына қатысады. Оның барысында Ж.Жанатаевты ХАА-ға корреспондент мүше ретінде қабылдау және Мейрбек Молдабековке ХАА академигі атағы беріледі.
64-ші астронавтикалық конгресс жұмысына қатысудан бөлек, Қазғарыш делегациясы бірқатар кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізеді.