Жалпы, «Бәйтерек» Байқоңыр айлағынан салыну керек еді. 10 жыл бұрын Ресей мен Қазақстан ғарышқа экологиялық қауіпсіз зымыран ұшыру үшін жаңа кешен салу туралы келісім жасаған. Бірақ, белгісіз себептермен бұл жоба сағызша созылып, әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Ал, техникалық құжаттарды дайындау үшін несиеге алынған қыруар қаржының 80 миллионы жұмсалып кеткен. Енді «Қазғарыш» сол несиені қалай қайтарарын білмей отыр. Биыл жыл басында Астана мен Мәскеу «Бәйтерек» кешенінің құрылысын жалғастыру туралы жаңа келісімге келген болатын. Осы аралықта «Роскосмостың» басшылары ауысып, жобаның құнын 2 миллиард долларға қымбаттатып жіберген. Енді Мұсабаев бұл кешеннің Қазақстанға пайдасы бар ма деген мәселе төңірегінде бас қатырып жатқанын жасырмады.
Талғат Мұсабаев,
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Аэроғарыш комитетінің төрағасы:
-Өкінішке қарай «Бәйтерек» ғарыш кешенін салу туралы үкіметаралық келісім жасалғанда біздің тарапымыздан сапалы, кәсіби түрде құжат дайындайтын адам болмаған. Салдарынан келісімде барлық жауапкершілік, соның ішінде қаржыландыру да Қазақстанның мойнына ілінген. Ал, Ресейдің еш қатысы жоқ. Бірақ, «Бәйтерек» екі елге ортақ жоба.
Loading...