Қазғарыш жетекшісі Берлинде Ресей, Украина, Германия және АҚШ әріптестерімен келіссөздер жүргізеді

деп хабарлады сейсенбіде "Қазғарыштың" баспасөз қызметінен.

"ILA Berlin AIR Show әлемде әуе-ғарыш көрмелерінің ең ірісі әрі көнесі екендігін және келіссөздер жүргізуге өте жақсы екендігін ескере отырып, Қазғарыш жетекшісінің ғарыштық агенттіктер мен шетелдік компаниялар басшылықтарымен бірқатар кездесулері жоспарланған", делінген хабарламада.

Оның ішінде Ресейдің Федералды ғарыш агенттігі, Украина Мемлекеттік ғарыш агенттігі, Германдық аэроғарыштық орталығы (DLR), АҚШ Ұлттық аэроғарыш агенттігі (NASA) және "Airbus Defence and Space", "OHB Systems", "Космотрас" секілді компаниялардың басшылығымен кездеседі.

Ақпаратқа қарағанда, кездесуде әр түрлі келешегі бар жобалар бойынша ынтымақтасу мәселелері талқыланбақ.