«Қазгидромет» 24 желтоқсанда республиканың үш қаласында ауа райы бұзылатындығын ескертті

Осы күнгі ауа райына толығымен тоқталатын болсақ, Астанада күндіз ауа температурасы -18-20, түнде -23-25-ті құрайды, секундына 9-14 метр жылдамдықпен соққан желдің екпіні кей уақыттар 18 мс/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ауыспалы бұлтты, ара-тұра қар жауып, бұрқасындатады.

Алматы қаласында күндіз 0-2, түнде 0 градус шамасында, 0-5 м/с күшпен жел соғады, көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын жауып, тұман түседі.

Ақтөбе қаласында күндіз -18-20, түнде -23-25 градус аяз болады. Секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел тұрады, жауын-шашынсыз.

Ақтау қаласында күндіз ауа бағамы -9, түнде -2-4 градусты көрсетеді, 9-14 м/с күшпен соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа дейін артуы мүмкін, ара-тұра жауын-шашын жауады.

Атырау қаласында күндіз -14-16, түнде -19-21 градус суық болады, 9-14 м/с жылдамдықта жел болады, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Орал қаласында күндіз ауа температурасы -14-16, түнде -23-25 градус болады, 9-14 м/с күшпен жел соғады, ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Өскемен қаласында күндіз ауа бағамы -13-15, түнде -18-20 градусты көрсетеді, секундына 7-12 метр күшпен жел соғады, ара-тұра қар жауады.

Семей қаласында күндіз -12-14, түнде -18-20 градус болады, 7-12 м/с жылдамдықта жел тұрады, қар жауады.

Қарағанды қаласында күндіз -11-13, түнде -13-15 градус аяз болады, 9-14 м/с күшпен соғатын желдің екпіні түнде үдей түседі, қар жауып, бұрқасындатады.

Петропавл қаласында күндіз температура бағамы -23-25, түнде -26-28 градусты көрсетеді, секундына 9-14 метр күшпен жел соғады, жауын-шашынсыз.

Павлодар қаласында күндіз -13-15, түнде -15-17 градус болады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 17-22 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Қар жауып, бұрқасындатады.

Шымкент қаласында күндіз +2+4, түнде -1-3 градус, 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ара-тұра жауын-шашын жауады.

Тараз қаласында күндіз ауа температурасы -2-4, түнде -4-6 градус болады, түнде оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр күшпен жел соғады, жауын-шашынсыз, тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда қаласында күндіз -8-10, түнде -14-16 градус суық, 9-14 м/с екпінде жел тұрып, қар жауады.