«Қазгидромет» алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазгидромет-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, оңтүстік циклон Каспий теңізінің үстімен солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жауын-шашынның, желдің күшеюіне ықпал етеді. Сондай-ақ, солтүстікте боран, оңтүстікте көктайғақ болады. Алайда, 21 қаңтарда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон жотасы әсер ете бастайды, соған қарай жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының түнде 22...30℃ дейін төмендейді.