"Қазгидромет" Алматы облысына ескерту жариялады

Республикалық мемлекеттік "Қазгидромет" кәсіпорны Алматы облысында нөсерлі жаңбыр жаууы ықтимал, деген болжамға орай ескерту жариялады.


           Аймақтың жекелеген тауларында 10-12 тамыз күндері сел жүріп, су тасқыны болуы ықтимал, делінген жұмада "Қазгидрометтен" таралған хабарламада.