Қазгидромет: біреулер қыс қатты болады деп әсірелеп жүр

"Дәл осындай ақпарат қамтылған, Джеймс Меддэннің болжамына сүйенген хабарлама 2016 жылы күзде де тараған. Жыл сайын біреулер қыс қатты болады деп әсірелеп көрсетуге тырысады. Мұны кез келген іздеу желісінде тексере аласыз, сол себепті Қазгидромет үрейге берілмей, бұл хабарламаларды тексеріп көруге кеңес береді, өйткені жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылған", — деп атап өтті Малика Бүлдекбаева.

Малика Бүлдекбаева синоптиктердің болжамына сілтеме жасап, қыркүйекте қыс біраз "дайындық" жүргізеді деп хабарлады.