22-24- қыркүйекте Батыс Қазақстан, 23-24 -қыркүйекте Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, 24-қыркүйекте түнде Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауаның температурасы кей жерлерде 0-2 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.
Қазгидромет бүкіл Қазақстан аумағы бойынша күн суытады деп ескертеді
