«Қазгидромет» еліміздің 6 өңірінде аптап ыстық болатынын ескертті


Нақтырақ айтқанда, 19-20 тамызда Батыс Қазақстанда, 19-21 тамызда Атырау мен Маңғыстау облыстарында ауа температурасы +40-43°С градусқа дейін жетуі мүмкін. 

Ал 19-21 тамызда Ақтөбе мен Қостанай облысының оңтүстігінде және Қарағанды облысының батысында күн ысып, ауа температурасы +37-43 °С градусқа дейін көтерілуі ықтимал.