Ауа райын бақылаушылардың мәліметі бойынша, тау баурайларында жаңа жауған қардың жиналып қалуына және жаңбыр мен қардың ұзақ жаууына байланысты 12-13-қарашада қар көшкіні түсуі мүмкін. Әсіресе биіктігі 2000-3000 метрлік таудың орта бөлігінде көшкін түсу қаупі зор.
Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің басшылығы Алматы және Алматыоблыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы мен "Қазақ селден қорғау" қызметіне адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.