Қазгидромет: Қазақстанның бірқатар аймақтарында ескерту жарияланды

29-30 қарашада Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с-ке күшейеді, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с болады.

Астана қаласында 29-30 қараша күндері оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с-ке күшейеді деп күтілуде.

1 желтоқсан күні күндіз Жамбыл облысы бойынша жауын-шашын болады деп күтілуде, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. 1 желтоқсан күні күндіз, 2 желтоқсан күні тәулік бойы батыстан, оңтүстік-батыстан соққан жел күшейеді деп күтілуде, кей жерлерде жел 23-28 м/с-қа күшейеді, жел екпіні 30 м/с болады.

1 желтоқсан күні Тараз қаласы бойынша жауын-шашын болады деп күтілуде, күндіз қатты жауын-шашын болады. 1 желтоқсан күні күндіз, 2 желтоқсан күні тәулік бойы батыстан, оңтүстік-батыстан соққан жел күшейеді деп күтілуде, кей жерлерде жел 23-28 м/с-қа күшейеді, жел екпіні 30 м/с болады.