"Қазгидромет" РМК Каспий теңізінің шығыс жағалауын су басуы ықтимал деген ескерту жариялады

Ауа райын болжаушыларлың мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері Каспий теңізінің шығыс жағалауында батыстан соққан жел күшейеді. Осыған байланысты Оралдың атырауынан Бұрыншық мүйісіне дейінгі аумақта 10 шақырымдық жағалау аймағы су астында қалу қаупі бар.

Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің басшылығы Атырау және Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары мен "Қазақ селден қорғау" қызметіне адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.