"Қазгидромет" синоптиктері 10-12 қарашада ауа райының нашарлайтынын мәлімдеді.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Об шығанағы аудандарынан циклон жырасы әсер етеді.

Жауын-шашын жауады, оңтүстік және шығыс бөлігінде кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Басым бөлігінде жел күшейеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі.

Еске сала кетейік, 9 қарашада 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды.