"Қазгидрометтің" екі басшысы 90 млн теңге пара алды деп айыпталуда

Директордың орынбасары Нұркен Сұлтанов пен оның қоластындағы қарағандылық синоптиктердің басшысы Роман Андриянов пара алды деп айыпталуда. Тергеу нұсқасы бойынша, олар тендерге қатысушыдан ақша алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі де еркіндікте. Сот оларды кепілмен босатқан. 

Сотталушылар жылдың басында тұтқындалған еді. Анықталғандай, Сұлтанов Андриянов арқылы жеткізушілердің бірінен өткен жылы ұтып алған тендер үшін 90 миллион теңге талап еткен. Андрияновқа ҰҚК қызметкерлерінің бақылауымен параның бір бөлігі ретінде 26,5 миллион теңге табысталады.

Бұл өткен жылдағы ғана емес, алдағы тендердің де ақысы екен. Жеткізуші миллиард теңгеге метеорологиялық радарлар сатып алуы керек болыпты.


«Жалпы 26,5 миллион теңге берілді. Бірінші 9,5 миллион, екінші ретте 17 миллион теңге. Бірден бере салу қиын қазір. Үлкен ақшаны банктен шешіп алу үшін оны дәлелдеу керек», - дейді кәсіпкер Әлия Нұрақышева.