ҚАЖ қызметкері кикбоксингтен Қазақстанның чемпионы атанды

90 келіден астам салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметінен.

Айдын 10-14 маусым күндері аралығында Семей қаласында Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған кикбоксингтен 25-ші ҚР чемпионатында өз салмақ дәрежесінде чемпиондық атаққа ие болды. Жарысқа 250 спортшы қатысқан.

24 жасында ҚР кикбоксингтен спорт шебері, әділет лейтенанты А.Әбдірахманов Қазақстан құрамасының құрамына кірді. Ол тамыз айында Үндістанда өтетін Азия чемпионатына, сондай-ақ ағымдағы жылдың қазан айында Сербияда болатын әлем чемпионатына қатысады.