ҚАЖК Балқаштағы колонияда болған оқиғаға діни экстремистер қатысты деген болжамды жоққа шығарып отыр

«Әзірге бұл туралы (экстремистер қатысқаны туралы - ҚазТАГ) айтуға еш себеп жоқ. Әдетте ұзақ жылдарға сотталған қылмыскерлер бас бостандығынан айыру орындарынан кетуді қалайды», - деді ол сейсенбі күні брифингте.

Комитет басшысы қаза болған 16 сотталған азаматтың біреуі дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы ретінде сотталып, тіркеуде тұрғанын қуаттады.

Сондай-ақ, С. Күсетов Ақтөбе облысы мен Балқаштағы оқиғалардың арасында байланыс болуы мүмкін екенін жоққа шығарды.

Оның мәліметтеріне сәйкес, қазір Қазақстанда дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатын 100 адам жазасын өтеп жүр.